Президент сынынан кейін авиаотын бағасы арзандайтын болды

Самал Асқар 21 қаң. 2026 11:34

Қазақстанда авиахабтарды дамыту аясында ұшақтарға тікелей құйылатын авиаотынның бағасы төмендетілді, деп хабарлайды Dala News.

Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, бұған дейін Қазақстандағы авиаотын бағасы көрші елдермен салыстырғанда тым жоғары болып, әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін әлсіреткен.

Президенттің тапсырмасы бойынша авиаотынның «ұшаққа дейінгі» құны бір тонна үшін 1200 доллардан 940 долларға дейін төмендетілген. Алдағы кезеңде бұл көрсеткішті 890 долларға дейін түсіру көзделіп отыр.

Министрдің мәліметінше, бұл шешім отандық әуежайлардың тартымдылығын арттырып, Air Atlanta, Hungary Airlines, One Air секілді халықаралық авиакомпаниялардың Қазақстан арқылы ұшуын көбейтуге мүмкіндік берген.

Үкімет бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, елімізді өңірлік әуе хабы ретінде қалыптастыруды көздеп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove