Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
О.О.Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы
Қаулы етемiн:
- Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 17 мамыр. №263
Қазақпарат