Полиция Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті қалай ұсталғанын көрсетті

Сағыныш Сардарова 26 қаз. 2024 13:00 2346

Алматы облысы Талғар қаласында тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті қалай камераға түсіп қалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, ер адамды әлдекімдер дүкенде көріп қалған. Артынша оны іздеуге полиция дроны бар адамды жұмылдырған. 

Айта кетейік, кеше Алматы облысында тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды. 

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды", - деп хабарлады полиция.

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күші жұмылдырылды, сондай-ақ, іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты.

Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады", - деп жазылған хабарламада.

Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар