Freedom Inside '26

Полиция формасын киіп видеоға түскен блогер ұсталды

Полиция формасын киіп видеоға түскен блогер ұсталды

Астанада Justice Adilet лақап атымен танылған блогер Әділет Қаликеев полиция қызметкерінің киімін киіп түскен видеосынан кейін құқық қорғау органдарына жеткізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, блогерге қызметтік форманы заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделген. Сонымен қатар оның әлеуметтік желіде жариялаған видеолары полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіргені көрсетілген.

Қазіргі уақытта жиналған материалдар соттың қарауына жолданып, іс бойынша шешім сотта қабылданады.