Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айтуынша, бұл тақырып әзірге қарастырылмаған.
“Бүгінгі күн тәртібінде абаттандыру, жылумен қамту, әлеуметтік салаға қатысты мәселелер маңызды болып тұр. Петропавлдың атын өзгертуді күтуге болады, бірақ бұның саясатқа қатысы жоқ”, - деді ол.
Осы тұста әкім бұл сұрақ тұрғындар тарапынан маңызды мәселенің бірі болып жатса, онда алдағы уақытта ұсынысқа бей-жай қарамайтынын алға тартты.
“Мұны ономастикалық комиссия арқылы шешеміз. Егер көпшілік тарапынан атауды өзгертуге байланысты қолдау табылса, біз оны қарастырамыз”, - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.