Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі қайта қаралады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мәліметке сүйенсек, сот отырысы 24 қыркүйек сағат 14:30-ға белгіленген.
"2025 жылғы 24 қыркүйекте апелляциялық инстанция Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты берген апелляциялық шағымды қарайды", – деп жазылған сот таратқан ресми ақпаратта.
Перизат Қайратқа қатысты іс
Еске салайық, биыл 25 шілдеде Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты.
Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға сотталды. Анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы және 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Прокурорлардың мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат пен оның анасы 3,5 млрд теңгені қолма-қол шешіп алған.