Облыстық ПД деректері бойынша Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" және "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергелуде.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Қылмыстық істің барлық қатысушылары анықталды. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалды, істі дұрыс шешу үшін мән-жайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне бағытталған тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп толықтырды ведомстводан.
27 қазанда оқушылардың жаппай төбелеске ұласқан қақтығысы туралы белгілі болды.
Белгілі болғандай, 9-10-сынып оқушылары арасында төбелес орын алып, нәтижесінде 16 жастағы жасөспірім зардап шекті.
Сонымен қатар, адамдар тобы бірқатар жеке үйлердің терезелерін, сондай-ақ бірнеше автокөлікті зақымдаған.