Павлодар облысында ауа райының күрт бұзылуы салдарынан алты адам жарақат алды. Зардап шеккендердің үшеуі – жасөспірімдер, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне екі шақырту түскен.
«Павлодар қаласында 1993 жылы туған ер адам найзағай кезінде ағаш бұтағының құлауынан басынан жарақат алды. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. Дәрігердің қарауынан және алғашқы медициналық көмектен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді», – деп хабарлады ведомство.
Екінші шақырту Құдайкөл ауылынан түскен. 2007 жылы туған қыздың оң жақ білегі мен қолының басы соғылып, сырылған.
Сондай-ақ 1979 жылы туған ер адам, 2011 және 2010 жылы туған екі ұл бала, сондай-ақ 2010 жылы туған қыз түрлі дене жарақатын алған. Дәрігерлердің мәліметінше, олардың барлығы тұрғылықты жері бойынша ем қабылдап жатыр.