Павлодар облысында Виктор мен Данила Долгалёвтар 917 мың тоннадан астам титан-цирконий рудасын заңсыз өндіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу дерегінше, кен өндіру жұмыстары келісімшарт бұзылғаннан кейін де жалғасқан. Руда әке мен баланың бақылауындағы компаниялар арқылы өндіріліп, Қытай мен өзге елдерге “сұр” экспорттық схемалармен шығарылған.
Мемлекетке келтірілген залал көлемі шамамен 4 трлн теңге деп бағаланды.
Сот үкімі бойынша:
• Виктор Долгалёв – 11 жылға бас бостандығынан айырылды;
• Данила Долгалёв – амнистияны ескере отырып, 4 жыл 9 айға сотталды;
• Адвокат пен делдал – пара беруге итермелеу және алаяқтық баптары бойынша 10 жылдан жаза алды.
Жәбірленуші тарап ретінде Тайынша ауданының әкімдігі мен Индустрия және құрылыс министрлігі танылды. Олардың 4 трлн теңге көлеміндегі талап арызы толық қанағаттандырылды.
Айта кетейік, бұған дейін бұл іс Солтүстік Қазақстан облысында алқабилердің қарауында болып, ақтау үкімі шыққан еді. Алайда ол шешім апелляциялық сатыда жойылған.