Freedom Inside '26

Павлодарда көлдер мен су қорғау аймақтары жекенің қолына заңсыз өтіп кетпек болған

Павлодарда көлдер мен су қорғау аймақтары жекенің қолына заңсыз өтіп кетпек болған
ЖИ: Dalanews

Павлодарда көлдер мен су қорғау аймақтарын жекенің қолына заңсыз беру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Актогай ауданында өткізілген конкурсқа үш жер телімі шығарылған. Алайда олардың аумағында тұщы және тұзды көлдер, сондай-ақ тұз өндіруге пайдаланылатын су айдындары орналасқан.

Тексеру барысында конкурс құжаттарын дайындау кезінде мемлекеттік органның Су кодексінде көзделген міндетті талаптарды сақтамағаны анықталды. Нәтижесінде конкурсқа қатысушыларға тек жер телімдері ғана емес, мемлекет қорғауындағы жалпы аумағы 60 гектардан асатын су ресурстарына да қол жеткізу мүмкіндігі берілген.

Заң бұзушылыққа Актогай ауданының прокуратурасы араласып, заңсыз өткізілген конкурстың нәтижелерін жойды.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.