Павлодар облысында екі адам суға батып кетті, олардың бірі Ресей азаматы

Павлодар облысында екі адам суға батып кетті, олардың бірі Ресей азаматы
Ашық дереккөз.

Павлодар облысында екі адамның мәйіті судан шығарылды, олардың бірі Ресей Федерациясының азаматы, деп хабарлайды dalanews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 маусым күні Ертіс ауданында құтқарушылар Ертіс өзенінің бір саласы жағалауынан 1990 жылы туған әйелдің денесін тапқан. Әйел 18 мамыр күні белгісіз жағдайда суға батып кеткен.

Сол күні Павлодар қаласында Ертіс өзенінен тағы бір адамның мәйіті шығарылды. Құтқарушылар 1990 жылы туған Ресей азаматының денесін автогуж көпірі маңынан, жағалаудан шамамен екі шақырым қашықтықтан тапқан.

Оқиғалардың мән-жайы анықталып жатыр.