Павлодар облысының прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қолдауымен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен құралған қылмыстық топтың іс әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл топ ірі көлемде ақша қаражатын иемдену мақсатында жәбірленушіні оның автокөлігінде күш қолдану арқылы ұстады.
Адам ұрлау және бопсалау фактілері бойынша материалдар Қылмыстық кодексінің 125 және 194-баптары бойынша материалдар прокуратураның СТБТ-де тіркелді, алдын ала тергеу арнайы прокурорлармен жүргізілуде.
Күдіктілер ұсталды, оларға қатысты сотпен қамауға алу шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа қылмыстық әрекеттерін анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.