Павлодар облысының Иртышск ауылында жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шыққан үйге құтқарушылар хабар түскеннен кейін үш минут ішінде жеткен. Сол сәтте баспана түгелдей отқа оранып, жиһаздар, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып жатқан, қою түтін үйді басқан.
Өрт сөндірушілер төрт кәмелетке толмаған баланы құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Алайда олардың екеуі ауруханада қайтыс болды.
Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
