"Халықтың түтіні түзу болуы үшін әлеуметтік инвестициялардың көлемін арттырған маңызды. Осы мақсатта Ұлттық қор мен бюджеттен 2 трлн теңге бөлінетінін білесіздер. Бұл қаражат халықтың мұң-мұхтажы мен мәселелерін шешуге бағытталады", – деді Бақауов.
Айтуынша биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 52 мың павлодарлықтың айлығы 30 пайызға пайызға өседі.
"Олардың барлығы жалақысы төмен салада жұмыс істейді. Бұл мақсатқа биыл 6 млрд, келер жылы 12 млрд теңге бөлетін боламыз", – деді Бақауов.
Бұдан бөлек өңірдегі 2,5 мыңнан аса аз жалақы алатын бюджет қызметкерінің айлығы 25 пайызы өсетін болады.