Астанада қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға және автокөлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп алаяқтық жолмен таныстарын және жәбірленушілерді алдаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жәбірленушілерден 1 млн теңгеден астам қаражат алып, өз міндеттемелерін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының бірнеше рет ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.
Кінәсін толық мойындауын және залалды өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.