Бұл туралы КТК хабарлайды.
Ең алдымен өзбек басшысының кіші қызы Лола Кәрімованың аты аталып отыр. Өйткені, Ташкенттегі Оксарай резиденциясында өткен бір жиында Ислам Кәрімовтің өзі Лоланы ізбасар еткісі келетінін мәлімдепті-міс. Одан бөлек, саяси салмағы жөнінен Үкімет басшысы Шавкат Мирзяевтің аты озып тұр.
Ол 2003 жылы Президент Кәрімовтің ұсынысымен премьерлікке келген болатын. Алайда заң бойынша Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашевтың да президент болу мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, әкесінің қаһарына ұшыраған Кәрімовтың үлкен қызы Гүлнәр Кәрімова да президенттік орынтықтан үмітті дейді...
Айта кетелік, бұдан бұрын бірқатар БАҚ өзбек президенті Ислам Кәрімовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат таратқан.