Өз баласын аяусыз ұрған ананың ісі: министрлік жағдайға пікір білдірді

Сағыныш Сардарова 19 қаң. 2026 09:57

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жаркенттегі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Анасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалар қазір қауіпсіз жерде. Зардап шеккен балаға қажет медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау ұйымдастырылды. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңнамада белгіленген тәртіппен ата-ана құқықтарынан айыру мәселесін қарайтын болады. Жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әйел баласын батареяға байлап, аяусыз соққыға жыққаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove