Жамбыл облысында, Қордай ауданына қарасты Отар ауылынан бір шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болып, үш адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тас жолда жеңіл автокөлік аударылған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бірден авариялық-құтқару жұмыстарына кіріскен.
Көлік ішінде үш адам болған. Олардың бірі өздігінен қозғала алмағандықтан, құтқарушылар зардап шегушіні зембілге салып, жедел жәрдем көлігіне жеткізген.
Жарақат алғандардың барлығы дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
