Өскеменнің орталығында үсті қанға боялған, жартылай жалаңаш ер адам қолына пышақ ұстап жүгіріп жүрген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол ешкімді жанына жолатпай, айқайлап қорқыта берген. Куәгерлер араласпай, дереу полицияға хабарласқан. Алайда тәртіп сақшылары жеткенде ер адам пышақ көрсетіп, өзіне тақап, қатты айқайлаған.
Полицейлер оны біраз уақыттан кейін сабасына түсірген. ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, 25 жастағы қала тұрғыны қатты мас болғаны анықталған.
"Алдын ала дерек бойынша денесіндегі жарақатты өзі салған. Пышақты алдық, ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", деді ШҚО полициясының баспасөз қызметі өкілі.
