Өскеменде Супер ХҚКО пайда болады – Даниал Ахметов

Dalanews 25 мам. 2023 06:57 982

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келді. Сапарының әлқисасын Өскемен қаласындағы №3 Халыққа қызмет көрсету орталығынан бастады. Министр жұмыс барысымен танысып,  атқарылып жатқан істерге өз бағасын беріп өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Біз ХҚКО келетін адамдарға уақыттарын үнемдеп,  үйден шықпай-ақ қызмет алуға болатынын түсіндіруіміз керек. Бір құжат үшін араға уақыт салып, бір адам 3-4 рет сіздерге қайта келсе,  бұл осындағы қызметкерлердің қашықтықтан қызмет алуға болатынын дұрыс түсіндірмегені деуге болады, – деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік бұл ХҚКО күніне 500-1000 адамға дейін қызмет көрсетуде. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласында барлық талаптарға сай келетін жаңа Супер ХҚКО және  арнайы ХҚКО да пайдалануға берілетін болады деп жеткізді өңір басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар