Шаһарда мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында бірқатар тұрғын үй нысандары қолданысқа берілді. Атап айтсақ, биылғы жылдың өзінде 17,6 мың ш.м. тұрғындарға беріледі. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған үйлер де бой көтеріп келеді.
– 2017 жылы қолданысқа 16 көпқабатты үй яғни 1 916 пәтер салынуда. Оның ішінде 6 көпқабатты үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына, 7 үй кезекте тұрғандарға, тағы 2 үй жас отбасыларға және 1 үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында беріледі, – деді Қуат Тұмабаев.
Бұдан бөлек қала маңындағы 8 ауданнан 6,5 мың жер телімі жеке тұрғын үй құрылысына берілмек.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі