Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қызылордаға жұмыс сапармен барды

Dalanews 18 ақп. 2022 14:41 870

17-18 ақпан арылғында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сайланған әкімдермен, сондай-ақ жастармен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

17 ақпанда Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Ортсайлауком басшысы Нұрлан Әбдіров Сырдария ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сайланған әкімдермен және ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесуде ОСК төрағасы Тереңөзек кенті әкімінің сайлау науқанының барысымен, әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінің дайындығы, мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелерімен танысты. Сондай-ақ, ұлттық бақылаушылардың қызметін құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ол дауыс беру күні сайлау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу қатаң түрде заңнама талаптарына сай жүзеге асырылуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Сырдария ауданының сайланған әкімдерімен және ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау институтын енгізу мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, Ортсайлауком Төрағасы әкімдердің елді мекендерді дамыту және олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары мен жоспарларымен танысты.



Сондай-ақ, осы күні ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов пен электоралды оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Түсіп Рыспеков облыстағы  сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.

Ал 18 ақпанда төраға Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығында өңір жастарымен кездесті.

Кездесуді аша отырып, ол «Жастар – елдің болашақ зиялы қауымы және электораттың маңызды құрамдас бөлігі. Осыған байланысты біз үшін қазіргі таңда жастардың сайлау процесі мәселелерінің кең спектрі төңірегінде пікірлері мен ұсыныстары өте маңызды» - деп атап өтті.

Кездесуде жастар өкілдері сайлау процесіне цифрлық технологияларды енгізу, сайлау мәдениеті мен алдағы сайлауда жастардың белсенділігін арттыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды алға тартты.

Қатысушылар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған осындай кездесулер жастардың сайлауға деген сенімін арттырудың пәрменді тетіктерінің біріне айналатынын және жастар осындай диалог орнатуды қолдайтынын атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар