Жыл басынан бері 3 жаңа жекеменшік балабақша іске қосылды. Олар – Төрткүл елді мекеніндегі «Bal-Balausa» бөбекжай балабақшасы, Көктөбе ауылындағы «Ілес апа» бөбекжай балабақшасы және Атамекен ауылындағы «Хан-Султан» бөбекжай балабақшасы».
Ауданда салынған бөбекжайлардың бәрі заман талабына сай салынған. Іші толған ойыншық. Акт залы, спорт бөлмесі, ән айту бөлмесі, жатын орны барлығы бар. Балаларға жайлы болу үшін жағдай толығымен жасалып отыр.
Осылайша Ордабасы ауданы балаларды балабақшамен қамтуда үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр. Соңғы уақытта Елбасы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жекеменшік-серіктестік әріптестік аясында қолға алынған жобалар көбейіп отыр. Аталған бағдарлама арқылы 2020 жылға дейін балабақшамен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланған.
Жыл басында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 90 пайызға жеткізу жоспарланса, қазіргі таңда бұл көрсеткіші – 97,8 пайызды құрап, жоспар артығымен орындалды.
Dalanews.kz