Оралда жасанды интеллект көмегімен алаяқтыққа күдікті ұсталды

Қаракөз Амантай 11 ақп. 2026 10:22

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Орал қаласындағы түнгі клубтардың біріндегі бейнебақылау камерасы келушілердің бірін тіркеген. Бет-әлпетті тану функциясы бар бейнеаналитика жүйесі оның бейнесін іздеуде жүрген адамдар базасымен автоматты түрде салыстырып, сәйкестік анықтаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дабыл сигналы жедел басқару орталығына бірден түскен. Бірнеше минут ішінде патрульдік полиция қызметкерлері ер адамның жүрген жерін анықтап, оны ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Аталған азамат Ақтөбе облысында жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілініп, бұған дейін іздеуде жүрген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove