Оралда ер адам банкоматтан өзгенің 600 мың теңгесін алып кеткен

Оралда ер адам банкоматтан өзгенің 600 мың теңгесін алып кеткен
Фото: ҚР ІІМ

Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы біреудің ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Орал қаласындағы сауда үйлерінің бірінде әйел адам банкоматқа 600 мың теңгеден астам ақша салған. Алайда техникалық ақауға байланысты қаражат картаға түспей, купюра қабылдайтын бөлікте қалып қойған. Ал әйел адам салдым деп ойлап, банкоматтың қасынан кетіп қалған. Артынша келген бір ер адам ақшаны алып кеткен.

Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, Орал қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Ақша иесіне қайтарылды. Қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Осы ретте полиция азаматтарға ақша салған кезде қаражаттың картаға түскеніне және операцияның толық аяқталғанына көз жеткізбей, банкоматтан кетпеуіңізді ескертеді.