Оқушылардың денсаулығы алаңдатады: 242 мың баладан түрлі ауру анықталды

Оқушылардың денсаулығы алаңдатады: 242 мың баладан түрлі ауру анықталды
pixabay.com

Қазақстанда жыл басынан бері 2,3 млн бала медициналық тексеруден өтіп, олардың 242 мыңынан түрлі ауру анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Медициналық тексеру нәтижесінде балалардың денсаулығында жиі кездесетін мәселелер қатарында тісжегі, анемия және көру қабілетінің төмендеуі бар.

Денсаулығына байланысты қосымша бақылауды қажет ететін 86 мыңнан астам бала емханаларда динамикалық бақылауға алынды.

Медицина мамандары балаларды әрі қарай бақылап, қажетті жағдайда ем тағайындайды.

Сонымен қатар мектеп медицинасын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 жылдан бері мектептердегі стоматологиялық кабинеттер саны 145-тен 288-ге дейін артқан.

Балалардың медициналық тексеру нәтижелерін толық цифрландыру жоспарланып отыр. Бұл ата-аналарға баланың денсаулығында мәселе анықталған жағдайда хабарлама алуға мүмкіндік береді. Ал мектеп медбикесі баланы қажетті маманға жолдауға көмектеседі.