Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусының қатысуымен жол апаты тіркелді. Оқиға Подстепное ауылында болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Автобус Самара - Шымкент тас жолымен келе жатқан кезде, полиция мәліметінше, маршруттық көлік оның артынан соғылған. Соққы салдарынан автобус алда тұрған басқа көлікке барып тірелген.
Жол апатының салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Олардың ішінде балалар да бар. Алдын ала ақпарат бойынша, оқушылардың бірі жарақат алған.
Айта кетейік, Самара - Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғалары жиі болады. Мәселен, 2025 жылдың желтоқсан айында осы бағытта екі ірі апат болып, кемінде 15 адам зардап шеккен, оның бесеуі көз жұмған.
