Оңтүстікте алдағы жылдары қандай жолдар жөнделеді?

Dalanews 06 мау. 2017 10:01 1441

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452,2 шқ. жолдар мен көшелер, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 29 895,4 млн. теңге қаралған. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл нысандардың 92 нысанын, яғни, 863,5 шқ. жолдар мен 3 жаяу жүргіншілер өткелдерін және 18 көпірін мекеме атынан атқарып, қазынадан 20,7 млрд. теңге бөліп отыр. Бұл қаржыға, сонымен бірге, өңірдегі 4330,3 шқ. облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен 483,1 шқ. жолға 59 жобалау-сметалық және сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары да жасалады.

Жалпы саны 92 нысанның 54-і 2017 жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 38 нысан келесі жылдың еншісіне өтпек. Биыл аяқталатын нысандарды тарқатып айтсақ, осы жылы ұзындығы 201,65 шқ. құрайтын жол (қалған 661,9 шқ. жол 2018 жылға өтпелі) мен 18 көпір және 3 жаяу жүргіншілер өткелі бітуі тиіс.

Атап айтсақ, бюджет қаржысының бір бөлігі Бәйдібек ауданындағы (1-слайд) 23 нысан - 230 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарына жұмсалса, біршама теңге 6 нысан немесе 33 шақырым жол мен 4 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаралады. Оның ішінде, ірі жобаларға тоқталсақ, Бәйдібек ауданында 2018-2020 жылдары шамамен 3,5 млрд. теңгеге 30 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аталған жоба аясында Шалдар, Жамбыл және Шаян елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-2 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. ұзындығы 164,2 шақырымды құрайтын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Шаян, Қазата, Ағыбет, Шақпақ, Кеңестөбе, Жарықбас, Алмалы, Ақтас, Жыланды Боралдай, Ақбастау және Бірлік елді мекендерінен өтеді.

Қазығұрт ауданында да 41 нысанның немесе 185 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған (слайд -2,3). Сондай-ақ, ағымдағы жылы 4 нысан - 87,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Ішіндегі ірі жобалар ретінде Қазығұрт ауданындағы жобаларды айтуға болады. Онда 2018-2020 жылдары шамамен 4,5 млрд. теңгеге 37,1 шақырымды құрайтын 2 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Аталған жобалар аясында Шарапхана, Жұмысшы, Сынтас және Жаңабазар елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 16 шақырымды құрайтын КХ-29 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Шарбұлақ және Тұрбат елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын КХ-48 автомобиль жолына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 40 шақырымды құрайтын 1 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобаның жөндеу жұмыстары Еңбекші, Шанақ және Ақжар елді мекендерінен өтеді.

Сонымен қатар, Мақтаарал мен Ордабасы аудандарындағы бірнеше шақырым жол көпірлер жөндеу көреді. Мәселен, Мақтаарал аумағында 2017 жылы  71 нысанның немесе 168 шақырым жол мен 5 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылатын болса, 2 нысанның немесе 11,5 шақырым жол мен 1 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленбек (4-слайд). Тиісінше, жыл аяғына дейін Ордабасыдағы 31 нысан немесе 38 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Бұған тағы 4 нысанның немесе 62,4 шақырым жол мен 2 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді қосыңыз (5-слайд). Мәселен, Мақтааралда алдағы екі жылда 11,5 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізуі жоспарланып, ол бойынша Прогресс және Бірлік елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-117 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ордабасыда 15,6 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып, Темірлан, Ынталы және Майарық елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-8 автомобиль жолы күрделі жөндеу көрмек. Сондай-ақ, 2017-2018 жж. 26 шақырымды құрайтын 1 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобаның жөндеу жұмыстары Үлгілі елді мекенінен өтеді.

Сайрамдағы 43 нысан немесе 57 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың еншісіне тиесілі (6,7,8,11,12-слайд). Биыл, сондай-ақ, аудандағы 93,5 шақырым жолға (6 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу де жоспарланып отыр. Яғни, аталған ауданда 2017-2020 жылдары 59,8 шақырымды құрайтын 5 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл жобалар аясында Бозарық елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын КХ-37 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары және Көмешбұлақ, Қызылжар, Қызыләскер және Теспе елді мекендерінен ұзындығы 17,8 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Сайрам елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 30 шақырымды құрайтын КХ-83 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Таскен, Мартөбе, Қызылсу және Қарасу елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 8 шақырымды құрайтын КХ-97 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Ақсукент, Манкент, Ақбастау, Низамабад және Қарамұрт елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 22 шақырымды құрайтын КХ-3 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Түркістан шаһарындағы 71 шақырым жол мен 1 көпірдің (21 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жасау мен қаладағы 59,2 шақырым жол мен 3 көпірдің (5 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2017 жылға көзделіпті (9-10-слайд). Мұнда 2 ірі жоба – Теке және Жалантөбе елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 26,1 шақырымды құрайтын КХ-84 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ойық және Ащысай елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 33,1 шақырымды құрайтын КХ-56 автомобиль жолына да күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 53,5 шақырымды құрайтын 2 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Қазақстанның 30 жылдығы, Шаға, Қосқорған, Еңбекші Диқан, Ескі Иқан, Ақтөбе және Ибата елді мекендерінен өтеді.

Ал Түлкібас ауданындағы 16 нысанның немесе 72 шақырым жол мен 2 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары және 3 нысанның немесе 16 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге сала мамандары қазірден-ақ кірісіп кетті. Аталған жоба шеңберінде ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Т.Рысқұлов, Шұқырбұлақ және Түлкібас елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-64 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

Төлеби ауданы аумағында 2017 жылы 33 нысанның немесе 112 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 5 нысанның немесе 4,5 шақырым жол мен 3 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 52 шақырымды құрайтын 2 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Киелітас, Достық, Ленгір, Момынай, Екпінді, 1-Мамыр, Ынтымақ, Нысанбек, Алатау және Диханкөл елді мекендерінен өтеді (23-24 слайд).

Сарыағаш ауданына келсек, мұнда биыл 67 нысанның немесе 119 шақырым жол мен 3 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 8 нысанның немесе 8 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 60,5 шақырымды құрайтын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Қошқар ата, Бесқұбыр, Жамбыл, Жүзімдік, Жаңадәуір, Дербісек, Сарыағаш, Абай, Ұшқын және Халқабад елді мекендерінен өтеді (25, 26, 27-слайд).

 

ОҚО жолдар осы жерден жөнделетін жолдардың картасын қарай аласыз

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар