«Соңғы жылдары қалыптасқан игі дәстүр бойынша облыстағы жоғары оқу орындары сіздерге қол ұшын созып, ақысыз тегін оқуға қабылдап отыр. Сол оқу орындарын абыроймен басқарып отырған аға буын өкілдерінің бұл жақсылығына сіздердің аттарыңыздан ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамын!», - деді Ж.Түймебаев.
Өңіріміздегі 12 жоғары оқу орны атсалысып отырған игі іске негізіне, 103 жолдама беріліп отыр.
Тарқатып айтсақ, «Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 20 жолдама бөлсе, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 15, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті - 15, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті он жолдаман 20, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 9, «Сырдария» университеті 8, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті 5, «Мирас» университеті, «Шымкент» университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы үш жолдамадан 9 және М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты 2 жолдама арнаған.
Ал бүгін соның 95 жолдамасы ҰБТ-да шектік балды жинап, емтиханнан өткен түлектерге берілді. Қалған 8 жолдама ҰБТ-дағы шығармашылық емтиханды күтіп жүрген шәкірттерді күтуде.
Жалпы, 2016-2017 оқу жылында облыста 208 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (34-і балалар үйлері түлектері) 11-сыныпты бітірді. 208 түлектің 130-ы ҰБТ-ға қатысып 107-ы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде шектік деңгейден өткен. Олардың 95-і облыстағы жоғары оқу орындарына, 106-ы колледждерде, 12-сі республиканың басқа өңірлерінде білім алуға ниет білдіріп отыр. Айта кететін жағдай, ҰБТ-да қажетті балды жинай алмаған шәкірттер орта арнаулы оқу орындарында тегін білім алатын болады.