Оңғарсынова көшесінде қозғалыс шектеледі

Самал Асқар 21 сәу. 2026 13:55

Алатау ауданында Оңғарсынова көшесінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Dala News.

Шектеу Ақберен көшесінен Қожабеков көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жөндеу жұмыстары 21 сәуір күні сағат 22:00-ден бастап 2 мамырға дейін жүргізіледі.

Жоба батыс кәріз коллекторын салу аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама шамамен 200 мың тұрғынды орталықтандырылған су бұру жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қала тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove