15 тамыздан бастап жетекші мобильді оператор "Кселл" және "Күнделік" ЖШС (kundelik.kz) бірлескен науқанды бастады. Онда 5-11 сынып оқушыларына үздік баға алғаны үшін бонустар немесе "Имбакс" деп аталатын сыйлықтар беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгін "бағаға бонустар" науқанына қосылуға болады, ал оқушы жаңа оқу жылы басталған кезде алғашқы "Имбакстарын" ала алады.
Қатысу үшін және "Имбакстарды" алу үшін activ абоненті болуы тиіс, activ жоспарының біріне – "Имба S" немесе "Имба М" қосылып, kundelik.kz сайтындағы науқанға тіркелуі қажет. Осыдан кейін, Kundelik-тегі пән бойынша алынған мектептегі "10" деген бағаға 100 "Имбакс" беріледі.
"Біз бірнеше ай бұрын 7-18 жас аралығындағы оқушылар мен жасөспірімдерге ұсынылған "Имба" арнайы тарифін енгізген Қазақстандағы алғашқы оператор екенімізді айтқым келеді, ол әрдайым байланыста болу, оқу және ойнау үшін сервистердің экожүйесін қамтиды. Стандартты минуттар мен ГБ пакеттерінен басқа, тарифте WhatsApp қосымшасына шектеусіз қосылу мүмкіндігі бар, яғни интернеті бітіп қалған жағдайда да WhatsApp қолжетімді болады. Сонымен қатар қоңыраулар мен төтенше жағдайлар минуттары қарастырылған, егер ата-аналар абоненттік төлемді уақытында төлеуді ұмытып кетсе, бұл қызметтер тоқтап қалмайды.
TikTok пен YouTube-те қосымша гигабайттар және қадамдар жасап жүргені үшін айына 15 ГБ дейін, сонымен қатар онлайн ойындар мен білім беру ресурстарына шектеусіз уақыт беріледі. Біз тарифті кезең-кезеңімен жаңа "фишкалармен" толықтырып отырамыз, енді "Күнделік" - пен бірлесіп оқушыларды жақсы оқуға ынталандыру науқанын бастадық. Үздік баға алғаны үшін 2 қыркүйектен бастап оқушылар ойын ішіндегі валютаға айырбастауға және өздерінің сүйікті ойындарында донат беруге болатын "Имбакстар" арнайы бонустарын алатын болады", - дейді "Кселл" АҚ Цифрлық өнімдер бөлімінің өнімдерді дамыту департаментінің менеджері Жалғас Нұржанұлы.
"Имба" балалар тарифтік жоспары Қазақстанда барған сайын танымал бола түсуде және компанияда оқу жылының басталуымен және үздік бағалар үшін бонустар беру науқанын ескере отырып, "Имба" пайдаланушыларының саны артатына сенімдіміз.
Бонустарды аctiv супер қосымшасында жұмсауға болады. Осы науқан бойынша әрбір оқушы алғашқы 3 айда үздік бағалары үшін2000-ға дейін бонус және абоненттік төлемді алу үшін қосымша1500-ге дейін бонус ала алады.
Тарифтермен https://activ.kz/imba сілтемесі бойынша танысуғаболады.