Сонымен қатар Ольга Рыпакованың қызы Анастасияның биыл 18 жасқа толғанын және қазір Түркияда спорттық жиындарда болғанына қарамастан, ол сол жерден дауыс беріп, өміріндегі алғашқы сайлауға қатыса алғанын жеткізді.
– Қазір әлемде алаңдатарлық және қиын жағдай бар, – деп атап өтті спортшы. – Сондықтан бүгінгі таңда белсенді азаматтық ұстаным танытып, дауыс беру өте маңызды. Біз тұрақтылықты, экономиканың сенімді өсуін және азаматтардың әл-ауқатын артуын таңдаймыз! – деді Олимпиада жеңімпазы