Олимпиада алтынына – 250 мың доллар: Шайдоров қанша сыйақы алады

Самал Асқар 14 ақп. 2026 16:22

Милан Олимпиадасында тарихи алтын жеңіп алған Михаил Шайдоров 250 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды Dala News.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ерлер арасындағы жекелей сында қысқа және еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, чемпион атанды. Қысқа бағдарламада бесінші орыннан көрінген ол, еркін бағдарламадағы мінсіз өнерінің арқасында бірінші орынға көтерілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен төлем мөлшеріне сәйкес, алтын медаль үшін спортшыға 250 мың доллар, яғни шамамен 123,7 млн теңге беріледі.

Сыйақы басқа жүлдегерлер мен финалистерге де қарастырылған:
күміс жүлдеге – 150 мың доллар,
қола жүлдеге – 75 мың доллар,
төртінші орынға – 30 мың доллар,
бесінші және алтыншы орындарға – 10 мың доллардан.

Ақшалай марапат чемпиондар мен жүлдегерлердің бапкерлеріне де төленеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove