Олигархтардан тәркіленген әшекейлер аукционда сатылды

Сағыныш Сардарова 24 сәу. 2025 17:34 219

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) E-Qazyna электрон платформасында бес әшекей бұйымды сатты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Аукцион форматындағы сауда 23 сәуірде өтті.

Сатылымға Cartier Love білезігі мен сақинасы, зүбаржат тасы бар сырға, аквамарин тасы бар сақина, гауһар тасы бар алтын сақина және інжу мен гауһар тасты сырғалар қойылған.

"Сатылған активтердің жалпы сомасы 5 425 246 теңге болды", – деп жазылған хабарламада.

Бұл әшекейлер заңсыз байыды және қаражатты шетелге шығарды деген күдікке ілінген адамдардан тәркіленген. Есімдері аталмайды, бірақ бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлер болуы мүмкін.

Мұндай заттарды сатумен 2023 жылы арнайы құрылған Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) айналысады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар