Олжас Бектенов құтқарушылар мен алдыңғы сап қызметкерлеріне ТЖ жағдайындағы жұмысы үшін алғыс білдірді

Қаракөз Амантай 02 сәу. 2024 12:44 1848

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов еліміздегі су тасқыны жағдайына қарсы күреске қатысушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Үкімет басшысы Қазақстан азаматтарына құтқарушыларға барынша көмек көрсетуге және олардың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, төтенше жағдайлар органдары қызметкерлері мен құтқарушылардың жұмысы өте қиын және қауіп-қатерге толы.

Батыс Қазақстан облысында сержант Батырбек Қапсықов қызметтік міндетін атқару кезінде екі бірдей пышақ жарақатын алған. Қылмыскер ұсталды.

Ақтөбе облысында тасқын жағдайында құтқару қызметтерінің жұмысшылары жүкті әйелді босандырып алды. Олардың іс-әрекетінің арқасында анасы мен жаңа туған егіздер құтқарылды.

Күштік құрылымдардың қызметкерлері мен құтқарушылар шын мәнінде батылдық көрсетуде.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен қазіргідей қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға, ұшқыштарға, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғысымды білдіргім келеді", — деді Олжас Бектенов. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар