Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты сот процесінде жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот барысында белгілі болғандай, Сұлтан Сәрсемәлиев үйде ақша, құжаттар мен бағалы заттардың қайда сақталғанын алдап білген. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол марқұмдардың қызы Мейрамгүлге Ақбаянды Ташкентке емделуге апару үшін құжаттар мен ақша дайындау қажет екенін айтып, жасырын орынның қайда екенін сұраған.
Оның шынайы ниетінен күдіктенбеген әйел отбасылық жинақтың бүктелген көрпешелердің арасында тұрғанын айтқан.
Тергеу мәліметінше, содан кейін Сәрсемәлиев жасырын жерден 60 мың теңге, үш жеке куәлік, PIN-кодтары жазылған үш банк картасы және екі жаңа алтын сақинаны алып кеткен.
Бұл мән-жайлар сотта көрсетілген тергеу экспериментінің бейнежазбасымен расталған. Кадрларда сотталушы марқұмдардың жасырын жерінен заттарды қалай іздеп, қалай алғанын көрсеткен.
Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.