Шнар Мұқтарованың ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады. Сот отырысының басталғаны туралы ақпарат «Сот кабинетінде» пайда болды. Бірінші отырыс ертең, 10 қазанда өтуі керек.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды» делінген хабарламада.
Еске салайық, «ӨКМ Операторы» бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталғаны хабарлаған болатын.