Нұртас Адамбай: "Қазақстаннан кеткісі келетіндерді кінәламаймын"

Dalanews 14 шіл. 2017 12:10 887

Актер Нұртас Адамбай желіде елімізден шетелге кеткісі келетіндер жайлы жазды.
– Күн өткен сайын адамдардан елімізден шетелге кететіні жайлы естіп жүрмін. Бірі Канадаға кеткісі келсе, бірі Европаға, өзге де жерлерге барғысы келеді. Оларды сонысы үшін сынайтындар да жетерлік. Меніңше, оларды кінәлауға болмайды. Әркім өзі қалағанша өмір сүреді. Олардың бәрі жоғарғы шенге жетіп, саясатқа араласуда қаламайды. Олар жай ғана әділ жұмыс істеп, лайықты түрде жалақы алып, өмір сүріп, отбасын асырағысы келеді, – деп жазады ол парақшасында.

Нұртас Адамбай бұлай деуінің себебін де тарқатып айтты.

– Отанға деген махаббат, патриоттық сезім жайлы көп нәрсе айтуға болады. Бірақ бұл өмір ғой. Балаңның болашағының қандай болатыны саған байланысты. Сондықтан сенің орның өзіңе қолайсыз болса, оны ауыстырған жөн, – деп жазады ол.

 

Дереккөзі: stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар