Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды: Фариза Алмасқызы соттан кейін пікір білдірді

Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды: Фариза Алмасқызы соттан кейін пікір білдірді
Фариза Алмазқызы. Фото: видеодан кадр

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты. Сот оны 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Іс оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызымен арадағы дауға байланысты қаралды. Айыптау тарапы актердің әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайына қатысты таратқан ақпараты оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргенін алға тартқан.

Ал Нұрсұлтан Жақсыген бұған дейін даулы жазбалардың кейбірінің өзіне қатысы жоқ екенін айтып, оның атынан жалған парақшалар ашылғанын мәлімдеген.

Сот процесінің соңғы отырыстары жабық форматта өтті. Нәтижесінде сот Нұрсұлтан Жақсыгенді 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сот отырысынан кейін журналист Руслан Өтепбай Фариза Алмасқызымен видео қоңырау арқылы сөйлескен. Журналист істің мән-жайына қатысты әңгімесін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Әзірге сот үкімінің заңды күшіне енген-енбегені және тараптардың апелляциялық шағым түсіретіні туралы нақты ақпарат жоқ. Қосымша мәлімет жарияланған жағдайда ақпарат толықтырылады.