Нұрлан Ұранхаев үлкен өмірге талай шәкірттерді шыңдаған, жанға шабыт бітіріп, қаламға қанат байлатқан ұстаз еңбегі өлшеусіз екенін атап өтіп, 51 жыл бойы үздіксіз ұстаздық қызметін атқарып келе жатқаны үшін алғыс білдірді.
Алма Шүкежанова Семей қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1983 жылғы 1 қыркүйектен бастап, осы уақытқа дейін математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Еске салсақ, Республика күні қарсаңында өз кәсібіне берілген, шығармашыл, үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маманға Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.