Нұрдәулет Қилыбай айтыскер Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдірді

Нұрдәулет Қилыбай айтыскер Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдірді
Нұрдәулет Қилыбай мен Мақсат Ақанов. Фото-коллаж: dalanews.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Шайыр ауылындағы айтыстан кейін сынға ұшыраған ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін Мақсат Ақановтың айтыс кезіндегі сөзі мен сахнадағы әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Осы жағдайдан кейін Халықаралық Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы оны алдағы алты ай бойы өздері ұйымдастыратын айтыстарға қатыстырмау туралы шешім қабылдаған.

Нұрдәулет Қилыбай бұл жағдайды жан-жақты зерттемегенін айтып, ақынның әрекетіне қатысты өз ұстанымын жеткізді.

"Мақсат талантты жігіт. Екінің бірі ақын бола алмайды. Нақты зерттеп көрген жоқпын, дөрекі сөйлеп, тіл тигізген дегенді естідім. Бәрінің атынан жауап бере алмаймын. Мақсат сахнада сынап, қалжыңға айналдырған болса, кешірер едім. Жеке өз басыма тіл тигізген болса, бір таланты үшін оны кешірер едім", – деді Нұрдәулет Қилыбай.