"Қымбаттым, бауырым! Қазір менің қандай күйде екенімді бір сөзбен сипаттау мүмкін емес. Саған айтпағым көп еді, әттең, айтылмай қалған нәрсе көп. Сен әрдайым менің жадымдасың, жанымдасың. Мен сені өмір бойы жақсы көріп өтемін. Жәннәтта жаның жай тапсын, - делінген видео жанындағы жазбада.
16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды.
Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі ұстап қалған. Басқа мәліметтер айтылмайды.
10 күннен кейін Айсұлтан Рахатұлы 30 жасқа толар еді.
Dalanews.kz редакциясы ұжымы марқұмның отбасына шын жүректен қайғырып көңіл айтады.
Айсұлтан Назарбаев - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі.
Ол 1990 жылы 26 тамызда Қазақстан Президентінің үлкен қызы - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасында дүниеге келді.
Ол Астанадағы "Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде", сондай-ақ Австрияның "American International School" мектеп-пансионында оқыды. 2010 жылы Сандхерсттегі британдық корольдік әскери академиясын бітірген. 2012 жылы ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасында жұмыс істеді, онда бір жыл қызмет етті.
Ол Австрияда әкесі елші болып жүргенде "Адмира Ваккер" клубында футболмен айналыса бастады. 2006 жылы ол Қазақстанның бірінші лигасына қатысып, астаналық "Рахат" клубы құрамында екі матч өткізді, 2007 жылы Алма-Ата "Железнодорожник" ФК құрамында болды. 2006 жылы футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Біраз уақыт Британияның "Портсмут" құрамында өнер көрсетуге тырысты.
https://youtu.be/C1rPR77L_JE