Нұрайдың өліміне қатысты алдын ала тыңдау кейінге қалдырылды

Нұрайдың өліміне қатысты алдын ала тыңдау кейінге қалдырылды
ашық дереккөз

Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Адвокат Аянхан Омаровтың сөзінше, сот отырысы сотталушының тұмауратып, дене қызуының көтерілуіне байланысты қорғау тарапы ұсынған медициналық анықтама негізінде өтпеді.

Келесі сот отырысының күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады.

Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың өкілі, адвокат Омаров Аянхан сот процесін тікелей эфирде көрсетуге және журналистердің қатысуына рұқсат беру туралы өтінішхат ұсынды.

Алайда сот бұл өтінішхатты бүгін қараған жоқ. Аталған мәселе келесі сот отырысында талқыланатын болады.