Акцияға волонтерлер, қала тұрғындары, ШОБ қызметкерлері, коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері және т. б. қатысты.
Жалпы алғанда акцияға 35 мыңнан астам адам қатысты.
"Дүниежүзілік тазалық күні" әлеуметтік-экологиялық акциясы аясында саябақтар мен гүлзарлар жиналды, 4326 ағаш отырғызылды.
Полигонға 170 тонна қоқыс жиналып шығарылды.
Акция барысында балалар ойын алаңы және спорт алаңдарын абаттандыру және жабдықтау, брусчаткаларды, бордюрлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, рұқсаты жоқ қоқыс тастайтын жерлер жойылды, сыртқы жарнама демонтажы жасалды. Елордада 16 қыркүйек пен 13 қазан аралығында күзгі экологиялық айлық өтеді.