Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің 60 пайызы вакциналаудан өтті - Көлгінов

Dalanews 30 мау. 2021 10:37 683

Оқу жылы дәстүрлі форматта басталу үшін педагогикалық құрамның толық вакциналаудан өткені қажет, - деді брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Иә, мектепті балалар, ата-аналар да сағынған. Онлайн оқу мұғалімнің баламен бетпе-бет отырып, оқытуы сынды классикалық оффлайн режимінен айырмашылығы зор. Сондықтан, біз бұған дайындалып жатырмыз. Енді ол үшін біз не істеуіміз керек? Әрине, барлық педагогикалық құрам екпе салдыртуы тиіс, - деді Көлгінов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде мұғалімдер құрамының 60% -дан астамы вакциналаудан өтті және бұл жұмыс белсенді әлі атқарылып жатыр.

Біз дәрігерлермен кеңесіп жатырмыз, жастарға да екпе салынуы мүмкін. Әзірге, бізде 18+ талаптары бар, бірақ біз Еуропада және Израильде одан төменгі жастағылар да екпе салдыртып жатқанын көріп отырмыз.


Оны уақыт көрсетеді, бірақ біз, ең алдымен, мұғалімдерді вакциналаудан өткізіп алуымыз керек. Медициналық қарсы көрсетітілімі барлар екпеден босатылады, - деді әкім.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар