Нұр-Сұлтан мектептері Ashyq жобасына жүз пайыз қосылды – Көлгінов

Dalanews 11 там. 2021 06:57 751

Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын. Білім ошақтары Ashyq жобасына толығымен қосылған. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. 

"Білім беру нысандары тексерістен өтіп, барлық мектеп санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендірілді. Мұғалімдердің 97 проценті вакцина алды. Ashyq жобасына мектептер толығымен, жүз пайыз қосылды", - деді әкім үкімет отырысында.

Бұған дейін елорданың білім басқармасы Ashyq жүйесі карантиндік шектеулер кезінде оқу процесін дәстүрлі форматта жалғастыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Десе де эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда оқушылар қайтадан онлайн оқиды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар