Тұрғын үй кешенін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Елорда құрылыс компаниясы» салып бітіретін болады.
Мұнда соңғы келген уақыттан бері жобаға түзетулер енгізіліп, үйге техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілері бойынша жоба мемлекеттік сарпатамада қаралуда.
Құрылыс мамандарының айтуынша, лифтілерді орнату бойынша қалқа-қоршауларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Әуел баста жоба бойынша 5 қабатты үй салу жоспарланғандықтан мұнда лифті қарастырылмаған, лифтіні өзіміздің қазақстандық компаниядан сатып аламыз, сонымен қоса терезелерін ауыстырамыз. Ал көктемде үйдің ішкі әрлеу жұмыстарына кірісеміз, – деді құрылыс жүргізуші.
Қала әкімі Алтай Көлгінов қыс түскенге дейін барлық есіктері мен терезелерін жауып, үй төбесінің жабынын бекіту керектігін айтты. Тапсыру мерзімі – 2020 жыл. Қалада барлығы құрылысы аяқталмаған 51 объекті (76 үй) бар. Осы жылдың соңына дейін тапсырылатын үйлердің саны 10-ға жетеді.