«Nur Otan» партиясы үміткерлері Шаянда жас кәсіпкермен кездесті

Dalanews 08 қаң. 2021 17:41 970

Бәйдібек ауданы «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Молдабекова мен Рахат Қожамжарова Шаян ауылының  орталығындағы жас кәсіпкер Нұрсұлтан Арыстанбекпен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық.

Кездесуде үміткер-кандидаттар «Nur Otan» партиясы кәсіпшіл азаматтардың бастамаларын маңызды санайды және қолдайтынын алға тартты. Кәсіпкерлерді қолдау ісі партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында кеңінен қамтылған.

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өнімінде шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы мен оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер еткен. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлар ең көп зардап шекті.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін де жағдай жасайтын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен аудан аумағындағы кәсіпкерлерге жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемесі аз несиемен қамтамасыз етуге және бизнесін жаңадан бастаушы 80 азаматқа грант ұсынады.


Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 250-ге жуық азаматқа, ауыл округтеріндегі жастарға кәсіп ашу үшін стартап гранттар (100) мен несие (150) алуына жағдай жасауды (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге) көздеп отыр.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын, несиелендіру, шағын және орта кәсібін ашатын жас кәсіпкерлерге жағдай жасау үшін жаңа 20 жобаларды несиелендіруге (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) ықпал етеді.

Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесі 96,5%-ға жеткізу жоспарда.

«Сол себепті өмірде бірінше – бюллетенде екінші «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!» дейді үміткерлер.

(Материал ақысы Бәйдібек ауданындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар