Штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Қуаныш Сүлейменов мен Анаргүл Қабдрахманова және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Құрма Төлеубаева, Мейірхан Оспанбаевпен бірге «Шалабай» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілеріне тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісім, еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтудағы және дамытудағы «Nur Otan» партиясының жетекші рөлі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, штаб мүшелері мен үміткерлер Жарма аудандық орталық аурухананың медициналық қызметкерелімен де кездесу өткізіп, қазіргі таңда әлемді жайлаған індетте талмай еңбек етіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбектеріне сәттілік тіледі.
Бас партияның сайлауалды бағдарламасында еліміздің денсаулық саласына баса назар аударылып отырғанын, ұлттың денсаулығына жанашыр «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта да дәрігерлердің әлеуметтік ахауалын назарға алып, еңбегін ерекше ескеретіндерін айтып өтті.
Бүгінгі таңда партияның құрамы шынайы жаңарып, толықтырулармен айқындалуда, қазіргі таңда 90 пайызға жуығы – жаңа тұлғалар, жастар, белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдарына, ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлінетіне ерекше назар аударылғанын Ерлан Рысқали атап өтті.
Жалпы штаб мүшелерінің сайлауалды үгіт-насихат барысындағы кездесуде білім беру мәселесі, медицинаны дамыту, цифрлы Қазақстанды нығайту және басқа да маңызды шаруалар жайлы нақты айтылды.
«Егер сіз өзіңізді елдің жанашары, Отанынын шексіз сүйетін патриотпын деп есептесеңіз 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына келіп, елдің жетекші партиясына дауыс беру шақырамыз, өйткені бұл күні сайлаушылардың дауысы маңызды» деп ойын қорытындылады спикерлер.
(Материал ақысы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді).