Мәселен соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық деректері үшін 168 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 15-і облыстық маңызы бар басшылар. 110 адам – ішкі істер органдарының қызметкерлері.
Нұротандықтардың ең үлкен сынына медицина саласындағы алаяқтық себеп болды.
Жұмыс тобының жетекшісі Талғат Нәрікбаевтың айтуынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері пандемияны "тиімді" пайдаланған.
"Медициналық жабдықтар жоғары бағамен сатып алынды. Мысалы, облыстық жедел жәрдем ауруханасы 22,3 млн теңгеге ӨЖЖ аппаратын сатып алды. Ең жоғары нарықтық бағамен сатып алудың нақты бағасы арасындағы айырмашылық 5 млн теңгені құрайды.
Екінші мысал: жоғарыда көрсетілген аурухана ең жоғары нарықтық құны 32 млн теңге болған кезде 69,5 млн теңге сомасына ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйені сатып алды. Өткен жылы құқық қорғау органдарына іс жүргізу шараларын қабылдау үшін 23 материал жіберілді, - деді Талғат Нәрікбаев.
Сонымен қатар, Кеңестің жұмыс тобы білім беру мекемелерін салу үшін орындарды қисынсыз таңдауға назар аударды. Былайша айтқанда білім ордалары мектепке баратын оқушысы жоқ жерге салынған.
"Айталық Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты Украинка ауылындағы орта мектептің құрылысына 1,1 млрд теңге бөлінген. Іс жүзінде бұл ауылда үлкен мектепке сұраныс жоқ. Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарайтын Шилісай ауылындағы орта мектептің құрылысына 1,4 млрд теңге бағытталған. Бұл ауылда да бала саны аз. Дәл осы өңірдегі "Әсем" сауықтыру лагерінің оқу корпусын салуға 800 млн теңге бөлінген. Ашығын айтқанда бюджет қаражаты бет албаты жұмсалып жатыр.", – деді Талғат Нәрікбаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңес мүшесі Меруерт Қазбекованың айтуынша, мемқызметкерлердің біразы коронавирус кезінде халыққа бөлінген ақшаның қызығын көрген.
Біздің еліміздің болашағын ойлайтын басшыларда, мемқызметкерлерде моральдық-этикалық қасиеттердің жоқтығы таң қалдырады. Олар өздерін қорғай алмайтын қоғамның әлсіз топтарын, балалар мен науқастарды тонайды. Бұл уақытша қиындық емес, бұл апат, – деп мәлімдеді Меруерт Қазбекова.
Кеңес мүшелері "Ақтөбе "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-да қалыптасқан жағдайды қосымша талқылады.
Шамамен 700 млн теңге – бұл корпорация қарыздарының көлемі, ал тағы 1,5 млрд теңге-мерзімі өткен дебиторлық берешек. Сонымен қатар, корпорацияның өзі үшін де, облыс экономикасы үшін де пайдасыз қаржылық операциялар деп танылған пайызсыз қарыздар беру. "Ақтөбе" ӘКК тарапынан бақылау болмады және бөлінген Қарыз қаражатын уақтылы қайтару және инвестицияланған жобаларды толық іске асыру бойынша жүйелі шаралар қабылданбады.
"ӘКК басшылығы бұл туралы не ойлайды? Олар қайырымдылық қоры ретінде әрекет етті, ақшаны оңға және солға шашты, енді оларды қалай қайтаруға болады, оған кім жауап береді?!
"Ақтөбе" индустриялық аймағының қызметі де күмән тудырады, облыс бюджетінен оларға 5 млрд теңгеге жуық қаражат берілді, олар осыншама қаражатты қайда жұмсады, қалай игерді? 300 жұмыс орнына 5 өндіріс құрдық деп есеп берген екен. Бар болғаны осы ма? Облыс әкімдігі тарапынан бақылау қайда? - деп сауал қойды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев.
Отырысты қорытындылай келе Кеңес мүшелері Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Мемлекеттік сатып алу басқармасының, Білім басқармасының басшыларын, сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарын партиялық жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңес басшысы Ақтөбе облыстық прокуратурасының жұмысын сынға алды.
"70-ке жуық қылмыстық іс қозғалып, барлығы жабылды. Прокурор мырза, орынбасары? Жақында ғана Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз етуде және қылмысқа қарсы күресте прокуратураның ерекше рөлін атап өтті. Ал сіздер ұйықтап жүрсіздер! Сіз тексерушілер болсаңыз да, қадағалау органы бюджет қаражатының қалай пайдаланылатынын да қадағалауы тиіс, - деді Омархан Өксікбаев.
Сондай-ақ, партия комиссиясының мүшелері Бас прокуратурасына сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және жұмсау фактілері бойынша Ақтөбе облысы бойынша бұрын тоқтатылған қылмыстық істерге тексеру жүргізуді және келтірілген залалды өтеу бойынша пәрменді шаралар қабылдауды ұсынды.
Жемқорлықпен күресте бір "Nur Otan" өз күшімен жеңе алмайды. Қоғам, азаматтық белсенділер, барлық халық қосылуы керек, ал біз саяси партия ретінде бұл күштерді біріктіруіміз керек, – деп түйіндеді кеңес төрағасы.